14 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №251 

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 3 наурыз, Астана қаласы «Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10918 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді; 2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді; 3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Ә.ИСЕКЕШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т. Дүйсенова 2016 жылғы 10 наурыз